ШЫМКЕНТ: білім саласында ауқымды жиын өтті

0
288

Кемшілік жіберген мектептерді жекелей атап, сынға алды.


ШЫМКЕНТ: білім саласында ауқымды жиын өтті

Бүгін Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы жаңа оқу жылының басталуына орай, қаладағы барлық мемлекеттік және жекеменшік оқу орын басшылығы мен ұстаздар және жоғары сынып оқушыларымен әлеуметтік желі арқылы екі жиын өткізді.

Алғашқы жиын мектеп басшылығы мен жоғары сынып оқушылары арасында өтті. Алдымен жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаған басқарма басшысы Ж.Тажиева өткен жылы атқарылған жұмыстарға егжей- тегжейлі тоқтала келе, алдағы уақытта атқарылатын жоспарларды нақтылады.
Қоғамдағы ұстаздардың орнының ерекше екенін айта келе, Ж.Тажиева ұстаздарды оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруге және бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Жиын соңында оқушылардың ой- пікірлері мен сауалдарын тыңдаған басқарма басшысы Ж.Тажиева ай сайын осындай жиын өткізіп туратындығын жеткізді.
Екінші жиын басқарма қызметкерлері мен мектеп директорлары, орынбасарлары және ұстаздар арасында өтті.
Мұнда да Шымкент қаласының білім басқармасың басшысы Ж.Тажиева жаңа оқу жылының басталуымен барша қатысушыларды шын жүректен құттықтап өтті. Өткен жылы атқарылған және атқарылатын жұмыстарды атап өтті.
Сонымен қатар тәрбие саласына ерекше тоқталды. Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, кемшілік жіберген мектептерді жекелей атап, сынға алды. Алдағы уақытта қайталанбауын талап етті.
Сондай-ақ басқарма басшысы білім сапасына да тоқталды. "Білімді - бірді, білекті мыңды жығатындығын" тағы да бір еске түсірді. Шымкент қаласының абыройын асқақтатқан, білім сапасы жағынан республикада жүздікке кірген барша мектеп басшылығына ерекше алғысын жаудырды. Көрсеткіші төмен мектеп ұжымдарын атап өтіп, жоғарыда жүздікке кірген мектептерден үлгі алуға үндеді.
Сыйбайлас жемқорлық мәселесі де қалыс қалмады. Өзекті мәселемен бірге күресуге шақырған Жанат Арысбекқызы "Мектепке жол" акциясы аясында жауапты мамандардың селқостығынан көптеген аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының мемлекет қаражатынан қағылғандығы ерекше аталып өтілді.
Тазалық, оқушылардың қауіпсіздігі, суицид т.б. көптеген маңызды мәселерге де тоқталып, әріптестерін адал, әрі бірлесіп, жұмыс жасауға шақырды.