ШЫМКЕНТ: Бірқатар шағынаудан мен көшелерде газ өшіріледі

0
542

Газ қолдану кезіндегі келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында уақытша табиғи газ өшіріледі.


ШЫМКЕНТ: Бірқатар шағынаудан мен көшелерде газ өшіріледі

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында бірқатар шағынаудан мен көшелерде уақытша табиғи газ өшіріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

10 маусымдағы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ-ның хатына сәйкес, 2021-2022 жж. жылыту маусымында арналған және тұрмыстық газ қолдану кезіндегі келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында, төмендегі шағын аудан мен көшелерде дайындық жұмыстары жүргізіледі. Осы жұмыстарды жүргізу барысында тұтынушылар табиғи газдан уақытша өшіріледі.
- 15.06.2021 ж. Момышұлы көшесі №5 КҚҮй-54 пәтер;
- 16.06.2021 ж. Тассай м/а, Жаңа құрылыс көшесі ШРП №104,105-160 үй.
- 17.06.2021 ж Қайтпас-1 м/а Әмірбеков, Көшеров, Әлібеков, Ақбаев, Уәлиханов, Жамауов, Наурыз, көшелері ШРП-123,165В,60,159,128,128А-365 үй;
- 18.06.2021ж. – Толстого көшесі ГРПШ 110 дана- 200 үй.