ШЫМКЕНТ: «Егемен Қазақстанның Тәуелсіздік тарихы» атты іс-шара өтті

0
541

Аталған жиынға жергілікті тұрғындар, оқушылар мен мәдениет және білім саласының қызметкерлері қатысты.


ШЫМКЕНТ: «Егемен Қазақстанның Тәуелсіздік тарихы» атты іс-шара өтті

Шымкентте «Егемен Қазақстанның Тәуелсіздік тарихы» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиынға жергілікті тұрғындар, оқушылар мен мәдениет және білім саласының қызметкерлері қатысты.

Өздеріңізге белгілі, биыл 25 қазан – Республика күнін мереке ретінде Жарлығымен бекіткен Мемлекет басшысы Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамның символы болуы керек екенін атап өтті. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық құндылық жоқ. Тұғырлы тәуелсіздік еліміздің басына бақ болып қонған сәттен бері егемен Қазақстан түрлі жетістіктерге қол жеткізіп, елеулі өзгерістерді басынан өткізді. Бүгінде еліміз алып құқықтық-демократиялық ел ретінде әлемге танылып отыр. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын бейбітшіліктің шуақты күні сіздерге иігілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс-ынтымақ тілеймін! Тәуелсіздік жылындағы толағай табыстар одан әрі арта берсін!, – деді Серғазы Кәрімұлы.
Жиында елдің дамуында елеулі еңбек сіңірген бірқатар азамат Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында білім беру және мәдениет саласының мамандары және қоғамдық жұмыспен айналысатын қызметкерлер бар.
Салтанатты жиын бұдан кейін жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Ал жиынға қатысушыларға мерекелік белгі ретінде сыйлық үлестірілді.