​ШЫМКЕНТ: екі айда бүйрек алмастырған 6 ота жасалды

0
525

39 жастағы тұрғынға хирургиялық жолмен туған бауырының бүйрегі салынды.


​ШЫМКЕНТ: екі айда бүйрек алмастырған 6 ота жасалды

Шымкентте қалалық № 1 клиникалық ауруханасында дәрігерлер алты трансплантацияны сәтті жасап шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ең күрделі ота 18 қазанда жасалды. Қос бүйрегі істен шығып, ауыр дертке шалдыққан 39 жастағы тұрғынға хирургиялық жолмен туған бауырының бүйрегі салынды. Донор мен реципиенттің жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды.
Трансплантация жоғары технологиялық ота түріне жатады. Мұндай операция бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан азаматтардың өмірін аман алып қалуға зор мүмкіндік береді. Ағза алмастыру отасы мемлекет есебінен тегін жасалады.
Қазір барлық донорлар мен реципиенттердің жағдайы жақсы, дәрігерлер бақылауында.