ШЫМКЕНТ: Екі жылда барлық елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылады

0
410

Жыл соңына 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.


ШЫМКЕНТ: Екі жылда барлық елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылады

Шымкентте 2023 жылы сапалы ауыз су мәселесі толығымен шешіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 69-ы сапалы сумен қамтылған, 5 елді мекенге кестемен берілсе, 7-іне ауыз су тасымалданады. «Әкім сағаты» бағдарламасында қала әкімі Мұрат Әйтенов елді мекендердің ауыз сумен қамтылуы жөнінде баяндап өтті.
Биыл қалада 3 магистралды суаққы мен 11 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жүргізілуде. Осы жылдың тоғыз айдың қорытындысы бойынша 2 шағын ауданда (Тұран, Ынтымақ-2) құрылыс жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін суды тасымалдайтын Солтүстік саяжай, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас тұрғын алабтары мен кестемен беріліп келген Жаңаталап, Сауле ( ДКЗ) ш/а, Нұртастың жаңақұрылыс аумағында құрылыс жұмысы аяқталады. Нәтижесінде 25,6 мың адам ауыз суға қол жеткізіп, қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан, 98%-ға өседі.
Жыл соңына 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.