ШЫМКЕНТ: Екі жылда жарықтандырылған көшелер 70%-ға жетеді

0
726

2021 жылдың қорытындысымен орталық маңызы бар 747 көшенің 356 көшесі жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4%-ды құрады.


ШЫМКЕНТ: Екі жылда жарықтандырылған көшелер 70%-ға жетеді

Шымкент қаласының көшелерін түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2022-2023 жылдары 208 көшеге жарықшам орнату жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 70 пайызға жетпек. 2021 жылдың қорытындысымен орталық маңызы бар 747 көшенің 356 көшесі жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4%-ды құрады. Жоспар бойынша өткен жылы 104 көшені жарықтандыру қажет болса, жоспар артығымен орындалып, 136 көшеде жұмыстар толығымен аяқталды. 2025 жылы 75 пайызға жеткізу көзделген.
Бұдан бөлек, «Ақылды қала» жобасы негізінде жарықтандыру жүйелерін толықтай автоматтандыру жолға қойыла бастады. Ол диспетчерлік орталық арқылы басқарыла бастады. Орталыққа қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғандығы, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққандығы, пайдаланылған электр қуаты туралы ақпараттар «сигнал» арқылы беріліп отырады. Алдағы уақытта әр жарықшамның килловаты, түнде, көлік қозғалысы баяулағанда жарықтық дәрежесін автоматты төмендету арқылы энергия үнемдеу сынды функцияларды қосу жоспарланған. Қазіргі таңда, 40-қа жуық көше диспетчерлік орталыққа қосылған. Жыл соңына дейін көше санын 100-ге жеткізу көзделген.
Айта кетейік, Шымкентте «Ақылды қала» бағдарламасы аясында жарықтандыру жүйесі автоматты режимге көшті. Энергетика және цифрландыру басқармаларының бірлесуімен жаңа диспетчерлік орталық өз жұмысын бастады. Нәтижесінде қаладағы көше шамдары уақтылы қосылып, өз кезегінде сөніп отырады. Бұл қызмет автоматты құрылғылар арқылы жүзеге асырылады екен. Мәселен, қаладағы 4 ауданға қарасты көшелердегі электр қуаты туралы ақпараттар сигнал арқылы аталмыш орталыққа хабарланады. Нәтижесінде мекеме қызметкерлері, түнгі уақытта шамдарды жөнге келтіріп үлгереді.