Шымкент: Электронды карталар 10 қазаннан бастап сатылымға шығарылады

0
1 348

15 қазаннан бастап электронды төлем жасамайтын жолаушылар үшін 70 теңгелік жолақы 100 теңге болады.


Шымкент: Электронды карталар 10 қазаннан бастап сатылымға шығарылады

Шымкентте қоғамдық көліктерге электронды карталар 10 қазаннан бастап сатылымға шығарылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Карталарды қаладағы дүкендер мен өзге де сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл туралы бүгін жолаушылар тасымалына қатысты өткен брифингте мәлім болды.

15 қазаннан бастап электронды төлем жасамайтын жолаушылар үшін 70 теңгелік жолақы 100 теңге болады. Билік өкілдері бұл саладағы көлеңкелі бизнесті жою үшін қолға алынып отырған шара дейді.

- Алматыда екі ай ішінде жолаушылар тасымалынан келетін пайданы анықтауға мүмкіндік туды. Біз сондықтан да дифференцалды тарифті осылай енгізбесек, оны анықтау мүмкін емес. Бұл әрбір жолаушының осы жүйеге қатысуы арқылы анықталатын жағдай, - деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов,