ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында 35 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып жатыр

0
458

4 кешенді балалар ойын алаңшалары құрылады.


ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында 35 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып жатыр

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 35 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Екі жүз мыңнан аса тұрғыны бар Еңбекші ауданында орналасқан 283 көпқабатты тұрғын үй 132 аулаға біріктірілген. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылып келеді.

Яғни 2021 жылы 41 көпқабатты үйдің аулалары абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылса, 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің ауласы көріктендіріліп, 11 кешенді балалар ойын алаңшалары салынды. Сондай-ақ, биыл 35 көпқабатты үй ауласы және 4 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы қаралып, абаттандыру жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, 2023 жылы “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Шымкент қаласы Тұран ауданында 10 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Қазіргі уақытта Тұран ауданында барлығы 296 балалар ойын алаңшасы бар. Ал, биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында 10 балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта Тұран ауданында 92 ашық спорт алаңшасы бар. Сонымен қатар, аудан аумағында жаңадан 4 ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Еңбекші ауданы бойынша былтыр 18 көше жарықтандырылса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы арқылы әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан 22 көше жарықтандырылған.
Ал, биыл 28 көшені жарықтандыру жоспарланған.
Сонымен қатар өткен жылы су алу қаупі жоғары 21 мекенжайға ұзындығы 7 шақырымды құрайтын ирригациялық арықтар орнатылды. 2023 жылы 13 көшеге 6 шақырым ирригациялық арықтар орнату жұмыстары басталды. Қалған 23 көшеге ирригациялық арықтар орнату 2024-2025 жылдарға жоспарланған.