ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында шағал тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
1 342

Бұл жұмыстарды мердігер мекеме "ПРИМЬЕР СТРОЙ" ЖШС-і атқаруда.


ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында шағал тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында шағал тас төсеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек Қаратөбе аумағы тұрғындарымен кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің бірі топырақ көшелерге шағал тас төсеп беру бойынша өтініштерін білдірді.
Бүгінде тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды мердігер мекеме "ПРИМЬЕР СТРОЙ" ЖШС-і атқаруда.