ШЫМКЕНТ: Ертең құлақтандыру жүйесі іске қосылады

0
762

Қала аумағындағы электродабылдар, дабылды-сөйлеу құрылғылары және дауыс зорайтқыш қондырғылар іске қосылады.


ШЫМКЕНТ: Ертең құлақтандыру жүйесі іске қосылады

Халықаралық Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында 2022 жылғы 1 наурызда сағат 10:00-де азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тексеру барысында қала аумағындағы электродабылдар, дабылды-сөйлеу құрылғылары және дауыс зорайтқыш қондырғылар іске қосылады.
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электрдабылдардың қосылу кезінде жасайтың іс-қимыл қағидаларын еске салады.
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
- радио және теледидарды қосыңыз;
- шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз:
- көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Барлық іс-шаралар болуы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қандай да бір қауіпті факторларының орын алуы немесе туындау қатері және «Баршаның назарына!»дабылы бойынша іс-қимыл тәртіптері туралы хабардар болуына бағытталған.