ШЫМКЕНТ: Гарнизонда тактикалық-саптық сабақтар өтті

0
419

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.​


ШЫМКЕНТ: Гарнизонда тактикалық-саптық сабақтар өтті

Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде жаздың алғашқы күндерінен бастап дәстүрлі түрде жаңа оқу кезеңінің басында барлық санаттағы әскери қызметшілермен өткізілетін тактикалық-саптық сабақтар өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сабақ барысында олар дабыл бойынша дағдыларын бөлім бойынша кезекшінің іс-қимылынан бастап техниканың жауынгерлік машиналар паркінен шығуына дейін, сондай-ақ басқа бөлімшелермен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды пысықтады.

Дабыл бойынша көтерілген жеке құрам белгіленген уақытта әскери бөлімге келіп, жауынгерлік есеп бойынша тапсырмаларды орындауға кірісті.
Тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде кезекші бөлімшенің, бөлім бойынша кезекшінің іс-қимылдары, бақылау тобының жұмысын ұйымдастыру, жеке құрамға қару-жарақ пен мүлікті беру, қару-жарақ пен әскери техниканы қысқа мерзімді сақтаудан алу тәртібі және әскери техниканы жауынгерлік машиналар паркінен шығару сияқты іс-қыймылдар орындалды.
- Жауынгерлік дайындық апталығының негізгі мақсаты - бөлімшелердің жауынгерлік дайындық деңгейін бағалау және жеке құрамның дабыл бойынша іс-қимылдарын пысықтау. Осындай іс-шаралар барысында біз бөлімшелерге қойылған міндеттерді белгіленген мерзімде орындаудың нақты мүмкіндіктерін тексере аламыз, - деді механикаландырылған бригада командирі подполковник Дастан Мұхамеджанов.
Дабыл қағылған кезде бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіруге, әр жауынгердің өз міндеттерін шебер орындауына ерекше назар аударылды.
Ал, жауынгерлік дайындық бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар аяқталғаннан кейін жеке құрам мамандығы бойынша даярлыққа кіріседі, оған бір жарым мыңға жуық әскери қызметші тартылады.

Айта кетейік, Шымкенттегі Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында жаңадан келген жас толымның әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Алматы қаласынан шақырылған отыз әскери қызметші Отанына адал қызмет етуге ант берді.

Жас сарбаздар әскерге шақырылғаннан кейін бір ай ішінде алғашқы әскери дайындық курсынан өтіп, саптық, дене шынықтыру, атыс даярлығының, жалпы әскери жарғылардың негіздерін оқып, оқу полигонында практикалық атыстарды орындағанын атап өткен жөн.
Алда олар механик-жүргізуші, радиотелеграфист, планшетші, электрик және басқа да көптеген мамандықтарды игереді.