ШЫМКЕНТ: грант және жастарға арналған несиемен кәсіп бастағандар тауарын көпшілікке ұсынды

0
209

Жәрмеңкеге жастарға арналған 2,5 пайыздық несие алып, өз кәсібін ашқан азаматтар қатысты.


ШЫМКЕНТ: грант және жастарға арналған несиемен кәсіп бастағандар тауарын көпшілікке ұсынды

ERNUR.KZ. Шымкентте қайтарымсыз грант алып өз кәсібін бастаған кәсіпкерлердің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңке бүгін "Көрме" орталығында өтті.

Шымкент қаласында ісін жаңадан бастап, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз ету үшін қайтарымсыз гранттар беріледі.

Бүгінде дәл осы өтеусіз гранттар халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің біріне айналып отыр. Өткен жылы бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін 452 азаматқа қайтарымсыз грант берілген. Олардың қатарында – мүгедектігі бар азаматтар, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшесі, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар бар.
Аталған қайтарымсыз грант арқылы кәсіп бастаған кәсіпкерлер «Көрме» орталығында ұйымдастырылған жәрмеңкеде өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Сондай ақ, жәрмеңкеге жастарға арналған 2,5 пайыздық несие алып, өз кәсібін ашқан азаматтар қатысты. 2023 жылы 263 адамға респубикалық бюджет есебінен шағын несие берілді. Биыл 273 адамға шағын несие беру жоспарлануда.