ШЫМКЕНТ: Ирригациялық арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді

0
445

Тазалық жұмыстары аудан әкімдігінің жіті бақылауына алынған.


ШЫМКЕНТ: Ирригациялық арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағындағы көше жиектерінде ирригациялық арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тазалық жұмыстары аудан аумағындағы негізі және ішкі орам жол бойларында орналасқан көшелерді тазартудан басталды.

Кестеге сәйкес өткізіліп отырған күнделікті тазалық жұмыстары аудан әкімдігінің жіті бақылауына алынған.

Шымкент қаласындағы аудан аумақтарында тазалық жұмыстары қарқын алды. Әл-Фараби ауданындағы басты көшелер мен аялдамаларға механикалық жуу және қолмен тазарту жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов көшесі, Тәуке хан даңғылы, Түркістан, Б.Момышұлы және Желтоқсан көшелері сұйық сабынмен жуылуда. Аялдамаларда тазалық жұмыстарымен бірге ілінген заңсыз жарнамалар алып тасталынды. Сондай-ақ, автобус бекеттерінің айналасы сыпырылып, қоқыс жәшіктері жуылды. Аталған жұмыстарға 12 техника мен 50 жұмысшы тартылды. Тазалық жұмыстары Абай ауданында да жалғасты. Аудан аумағында санитарлық тазалық, шөп ору жұмыстары жүргізілді. Бүгінде ауданда мердігер мекеме тарапынан негізгі көшелер мен ішкі орамдық көшелердің және аулалардың санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті таңғы сағат 5:00-ден бастап жүргізілуде. Орталық көшелердегі қоқыс алаңдары күнделікті, ішкі орамық көшелер аптасына бір рет тазаланады.

Жалпы, санитарлық тазалық жұмыстары кезінде аяқжолдар да сыпырылып, қоқыс жәшіктері тазаланды. Жалпы, ауданда аталған жұмыс түрі күнделікті атқарылып, қала тазалығы басты назарға алынған.

Айта кетейік, қала тазалығын тұрақты бақылауда ұстау жөніндегі қала басшысы М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы аумағында тазалық жұмыстары күнделікті бекітілген кестеге сәйкес орындалуда. Ауданның санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысатын «Жасыл жер» ЖШС тарапынан жолдарды, аялдамаларды, арықтарды тазалау жұмыстары тұрақты атқарылып келеді.