ШЫМКЕНТ: қайтарымсыз грант алған көпбалалы әке омарташылықпен айналысады

0
523

Қазіргі таңда 80 омартасы бар.


ШЫМКЕНТ: қайтарымсыз грант алған көпбалалы әке омарташылықпен айналысады

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының тұрғыны Олжас Сырлыбаев ара шаруашылығымен айналысуды осыдан 6 жыл бұрын бастаған. Омарташы кәсібін кеңейту мақсатында мемлекеттік қайтарымсыз грант алған.

Көпбалалы әке қаражатқа қажетті құрал-саймандар сатып алып, жылдық табысын 9 миллион теңгеге жеткізіп отыр.

Кәсібін дөңгелеткен тұрғын мамыр айынан бастап күзге дейін бал араларын табиғат аясына күтіп-баптайды. Қазіргі таңда 80 омартасы бар. Көбіне карника арасын ұстайды.
Сондай-ақ кәсіп иесі ара шаруашылығымен айнасқысы келетіндерге оның қыр-сырын үйретіп те табыс табады.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша биыл 452 азаматқа қайтарымсыз грант берілдіБұл қолдаудың халықты жұмыспен қамтуда, шағын бизнесті дамытуда септігі зор.