ШЫМКЕНТ: Қала әкімі Бадам өзені аумағын абаттандыру жұмысымен танысты

0
623

Нысан құрылысы 2 кезең бойынша жүргізілуде.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі Бадам өзені аумағын абаттандыру жұмысымен танысты

Шымкент қаласында мұнай өңдеу зауытынан Забадам шағын ауданына дейінгі «Бадам» өзенінің бойын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аумақтағы құрылыс жұмыс барысымен танысты.
Нысан құрылысы 2 кезең бойынша жүргізілуде. 1 кезеңге сәйкес 3 шақырым аумақ жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген. Екінші кезеңде жобаға сәйкес абаттандыру жұмыстарының ұзындығы 6,7 шақырымды құрайды. Бас мердігер - «СтройСервис-7» ЖШС.
Шаһар басшысы сала басшыларымен бірге Бас мердігермен жолығып, туындаған мәселелерін тыңдады. Нысан құрылысын сапалы және жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.