ШЫМКЕНТ: қала әкімі италиялық саяхатшылармен кездесті

0
921

Милан қаласынан келген қонақтарды Италия тревел-блогерлер қауымдастығының вице-президенті Алессандро Бертини бастап келген.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі италиялық саяхатшылармен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бір топ италиялық саяхатшы блогерлермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Милан қаласынан келген қонақтарды Италия тревел-блогерлер қауымдастығының вице-президенті Алессандро Бертини бастап келген. Олардың қатарында Элиза Патерлини, Джорджа Симончелли, Анна Перниче, Дамариде Маранджелли, Федерика Висконти, Микеле Сурачи, Анна Коста, Мартина Валле сынды тревел-блогерлер бар.
Саяхатшы блогерлер Қазақстанның көрікті жерлерін фотоға түсіріп, таспалап, ел жүрегі - Астанадан Шымкентке табан тіреп отыр. Қалаға блог-тур жасап, шаһардың әлеуметтік, экономикалық әл-ауқатын көрді, туристік әлеуетін бағамдады.
- Шымкент - жасыл қала атына сай үлкен әрі халқы көп қала екен. Бізді таңғалдырғаны - үшінші мегаполис жұртының әдебі мен мәдениеті, қонақжайлылығы. Тарихтан сыр шертетін нысандар да жоқ емес, құндылықтар сақталғаны көрініп тұр,- дейді олар.
Айтып өтейік, еліміздің кірмелік туризмін дамыту аясында Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы дүние жүзі елдерімен байланыс орнатып, роуд-шоулар ұйымдастырып келеді.
Осының нәтижесінде биыл мегаполиске жүзден астам тревел блогер саяхаттап келсе, е-qonaq жүйесімен тіркелген туристер саны 33 мыңға жуықтаған.