ШЫМКЕНТ: Қала әкімі тұрғындармен кездесті

0
531

Тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдады.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі тұрғындармен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Игілік тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданы аумағындағы Игілік тұрғын алабының Бабата көшесі тұрғындарының жыл басында әкіммен кездесу барысындағы өтініштерінің бірі көшеге асфальт төсеу болатын. Соған сәйкес орташа жөндеу жұмыстары сәуір айында басталып, қазіргі таңда афсальтбетон қабатының 1 қабаты төселді. Жолдың жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрауда.

Салынып жатқан жол сапасын Шымкент қаласының әкімі арнайы барып тексеріп, тұрғындармен кездесті, арыз-шағымдарын тыңдады.

“Жол активтері сапасының ұлттық сапа орталығына” асфальтбетон қабаты бойынша сараптама жүргізуді тапсырған шаhар басшысы, жол салу жұмыстарының әр кезеңінде сапа бақылауының маңыздылығына тоқталып, жоспарға сәйкес, магистралды көшелерімен қоса, ішкі орам көшелерінің сапасы басты назарда екенін атап өтті.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 2022 жылы 352 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Оның ішінде 67,4 шақырым жолға құрылыс және қайта құру, 19,3 шақырым жолға күрделі жөндеу, 261,1 шақырымға орташа жөндеу жүргізіледі. Сонымен қоса, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселеді. Қазіргі таңда жоспарланған 19,3 шақырым жол толық күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 125,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 77,3 шақырым жолға шағал тас төселді. Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, бүгінде қаламыдағы жолдардың 63,6 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. 2022 жылдың соңына дейін 2188,7 шақырым жолды асфальтобетон жамылғысы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарлануда. Ал, 2023 жылы асфальт жолдар үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған. Биылғы жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарының 28,9% пайызы орындалған.