ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің біріңғай қабылдауына 350 азамат өтініш білдірді

0
588

Мұрат Дүйсенбекұлы азаматтар өтініштерінің заң шеңберінде шешілетінін жеткізді.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің біріңғай қабылдауына 350 азамат өтініш білдірді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдауына 350 азамат жазылып, өтініштерін білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұрғындар жауаптыларға пәтер, жер кезегі, инфрақұрылым және жеке мәселелеріне қатысты түрлі талап-тілектерін жеткізді.
Қаланың прокуратура, полиция өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтардың өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.
Тұрғындарға баспанамен, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың жаңа талаптары түсіндірілді.
Мұрат Дүйсенбекұлы азаматтар өтініштерінің заң шеңберінде шешілетінін жеткізіп, сала басшыларына бірде-бір өтінішті ескерусіз қалдырмау қажеттігін ескертті.

Айта кетейік, қала әкімінің наурыз айында өткен қабылдауына 500-ге жуық азамат жазылып, өтініштерін білдірген болатын. Көктеммен бірге келетін ізгілік пен мейірім мерекесіне орайластырылған қабылдау ерекше форматта ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, халықты мегаполистің тыныс-тіршілігімен, әр салада атқарылатын алдағы жоспарлармен етене таныстыру үшін арнайы стендтер қойылып, басқармалардың жұмысы туралы бейнероликтер ұсынылды. Қаланың прокуратура, полиция өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтардың түрлі салаға қатысты өтініштерін қарастырды. Халық жауаптыларға тұрғын үй, жер кезегі бойынша түрлі өтініштермен қатар инфрақұрылым пролемаларына қатысты талап-тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ, мегаполисті өркендетуге үлес қосуға ниетті қаланың белсенді азаматтары осы бағыттағы өз жобаларын ұсынды. Тұрғындарға жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді.

Қала әкімі қабылдауларда қоғамдық мәселелерді көтеріп, қаланың дамуына үлес қосып жүрген белсенді тұрғындарға алғысын жеткізді. Сондай-ақ, халықтың талап-тілектерін жіті зерделей келе бірқатарын қабылдау кезінде орындады.Сонымен қатар, қала әкімі тұрғындарды мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан қолдауларды пайдалана отырып, кәсіпкерлікпен айналысуға шақырды. Ашық диалог арқылы мемлекеттік орган мен халық арасындағы байланыс нығайып, қаланың өркендеуінде үш жақты жауапкершілік орнағанын айтқан М.Әйтенов алда бұл жұмыстар жалғасатынын жеткізді.