ШЫМКЕНТ: Қала тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды

0
2 514

Іс-шара барысында 11 қызмет алушының сұрақтары тыңдалды.


ШЫМКЕНТ: Қала тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды

Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты халыққа қызмет көрсету орталығында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтық қоғамды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауға тарту жөніндегі жұмысты күшейтті.

Осыған орай, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департаментімен мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы және қоғам өкілдерімен бірлесіп, Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты халыққа қызмет көрсету орталығында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдауды Департамент басшысының орынбасары А.Раева, Корпорация директорының орынбасары А.Ашетов, және «ОҚО талдау және болжау орталығы» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі Б.Орманов, қоғам белсенділері С.Сайлауов, Қ.Абдиров және Департамент қызметкерлері жүргізді.

Іс-шара барысында 11 қызмет алушының сұрақтары тыңдалып, 3 қызмет алушының мәселесін Департамент өз құзіретінің шегінде бақылауға алды. Сұрақтардың басым көпшілігі әлеуметтік сала бойынша жер және сәулет мәселелеріне қатысты болды. Аталған іс-шара алдағы уақытта да арнайы бекітілген кестеге сәйкес әр апта Шымкент қаласының басқада аудандарында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізілетін болады.