Шымкент қаласы сапалы электр қуатымен толық қамтылған

0
171

2023 жылы 90 көше жарықтандырылып 69 %-дан 70%-ға өскен.


Шымкент қаласы сапалы электр қуатымен толық қамтылған

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы Өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында «2023 жылы Шымкент қаласында энергетика және инфрақұрылымды дамыту саласындағы жұмыс пен жетістіктер және 2024 жылға арналған жоспарлар туралы» баспасөз конференциясы өтті.

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысының орынбасары Азат Қайнарұлы үшінші мегаполистің инфрақұрылымды дамыту саласындағы атқарылған жұмыстар қатары пен нәтижелерін, сонымен қатар 2024 жылда орындалатын жұмыс жоспарларын баяндады.

Спикердің айтуынша, қалада табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған.
2023 жылы 9 нысанның (Қайнарбұлақ 1,2 кезек, Ынтымақ-2, Тұран, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га, Нұртас) құрылыс жұмыстарына 5,6 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған (Тұран, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га, Нұртас).

Нәтижесінде, 49 мыңға жуық адам табиғи газ жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 94%-дан 96%-ға өскен.

Қазіргі таңда сапалы электр қуатымен 81 елді мекен толық қамтылған, немесе қамту көрсеткіші 100% құрап отыр. 2023 жылдың қорытындысымен 4 елді мекенде (Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт, Түркістан) ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 22 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алса, қалған 2 нысанның («Ақжар» 110/35/10 кВ, Тұран 10 (РП),) құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі болатын.

Сонымен қатар, Азат Қайнарұлы Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 522 көшесі жарықтандырылғандығын атап өтті. Оның ішінде, 2021 жылы ГЧП аясында 107 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 47 %-ға өскен.

2022 жылы ГЧП аясында 105 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 47 %-ден 69 %-ға өссе, 2023 жылы 90 көше жарықтандырылып 69 %-дан 70%-ға өскен.

Ал 2024 жылы басқарма тарапынан Тұран шағынауданындағы магистралды 13 көшені жарықтандыру, аудан әкімдіктері тарапынан 5 аудан көлемінде 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарлануда екенін жеткізді Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысының орынбасары.

Бөлісу