Шымкент қаласында көпқабатты ескі ғимараттан қыз бала құлап кетті (видео)

0
248

Қыздың аяғы сынған.


Шымкент қаласында көпқабатты ескі ғимараттан қыз бала құлап кетті (видео)

Сурет ТЖ департаменті жариялаған видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Шымкенттік өрт сөндірушілер көпқабатты ғимараттан құлаған қызға дер кезінде көмек көрсетті.

Шымкент қаласы ТЖ департаментіне 2024 жылғы 16 сәуірде көпқабатты ғимараттан баланың құлауы туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға Еңбекші ауданы, Оңтүстік шағын ауданы Тайманұлы көшесіндегі қараусыз қалған «Шымкент гидролиз зауыты» аумағында орын алған. Зауыт аумағында ойнап жүрген кезде 5 қабатты ғимараттың 3-ші қабатынан 2013 жылғы қыз бала құлаған.
Оқиға орнына ТЖ департаментінің 3 адам жеке құрамы және қарауыл бастығы а.қ. капитаны Қ.Дүйсенов шыққан. Жедел жәрдем келгенге дейін ТЖ қызметкерлері алғашқы медициналық қызмет көрсетті. Қазіргі таңда зардап шеккен қызды жедел жәрдем қызметкерлері "ашық аяқ сынығы" диагнозымен ауруханаға жатқызды.

Өз кезегінде Шымкент қаласы ТЖД балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.