Шымкент қаласында өткен спорттық іс-шараларға 35 мыңнан астам адам қатысты

0
180

Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары айтты.


Шымкент қаласында өткен спорттық іс-шараларға 35 мыңнан астам адам қатысты

2023 жылы Шымкент қаласында өткен 230 бұқаралық спорттық іс-шараға 35 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов 2023 жылы спорт саласында жеткен жетістіктер және 2024 жылға арналған жоспарлар туралы өткен баспасөз конференцясында айтты.

«Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы өткізілген бұқаралық спорттық іс-шараларда қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, бұқаралық спортты дамыту, спортпен шұғылдануға тарту мақсатында қала аумағында 230 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 35 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде ауқымды спорттық іс-шараларды атап айтсақ: «Наурыз» Шымкенттен басталады» атты мерекесіне орай 9 ұлттық спорт түрлерінен (қазақ күресі, бәйге, көкпар, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, асық ату, теңге ілу, аударыспақ және тғызқұмалақ) ойындар жоғары деңгейде өтті. Шараға Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Ресей, Тәжікстан, Польша, Сауд Арабия, Түркия елдерінен спортшылар келіп қатысты», - деді Е.Дәрменов.
Сондай ақ, «Шымкент жастар лигасы» бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала мектептері арасында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат спорт түрлерінен спорттық сайыстар өткізіліп, 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 500 ден астам команда жасақталып, 6 мыңға жуық бала қатысқан болса, Қала күніне орай «Брусья FEST» спорттық бұқаралық фестивалі ұйымдастырылып 415 ден аса адам қатысып, үш жас ерекшеліктері бойынша жеңімпаздар анықталып марапатталды.
Сонымен қатар, спорт алаңшаларын тиімді пайдаланып бұқаралық спортты насихаттау мақсатында қала аумағындағы 23 спорт алаңшаларында «Аула чемпионаттары» өткізіліп, 1600 жуық бала қамтылды.
Қыркүйек айында қала тұрғындары мен қала қонақтары арасында «Шымкент марафон» спорттық іс-шарасы өткізіліп, оған Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Молдова, Украина, Моңғолия және еліміздің өңірлерінен барлығы 5 мыңнан астам марафоншылар қатысты.
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесін арттыру аясында спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асуда.
2023 жылы мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасында 112 кәсіпкер біліктілік іріктеуіден өтіп, спорттын 20 түрі бойынша 11 350 балаға ваучер берілген.
Айта кету керек, бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Статистикалық деректердің қорытындысы бойынша қалада спорт ғимараттарының саны 772-ні құрайды.
Жыл басынан қаламызда «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром құрылысы», «Металлург» стадионы және №20 спорт мектебінің спорт кешенінің құрылысы пайдалануға берілді.