Шымкент қаласының әкімі Мұхтар Шахановпен кездесті

0
921

Кездесу барысында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері талқыланды.


Шымкент қаласының әкімі Мұхтар Шахановпен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов ақын, халық жазушысы Мұхтар Шахановпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесуде әкім мен ақын мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерін, қазіргі заманғы әдеби үрдіс пен Қазақстанды жаңғыртудағы шығармашыл зиялы қауымның рөлі мен рухани орта құру мәселесін талқылады. Сондай-ақ, өз кезегінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкентте атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталған қала әкімі халық жазушысының қазақ әдебиетіне қосқан сүбелі үлесін де ерекше атап өтті.


Сонымен қатар, келер жылы Қазақстанда аталып өтілетін ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен күллі түркі жұртының мақтанышы, ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойлары туралы сөз қозғады.