Шымкент қаласының бірқатар көшелерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

0
217

Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жіті көңіл бөлініп келеді.


Шымкент қаласының бірқатар көшелерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Шымкент қаласының аудандарында бірқатар көшелер жөнделіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мәселен, Еңбекші ауданы аумағында ұзындығы 732 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткел бар. Жолдардың 535 шақырымы, яғни 73 пайызы асфальт, 158 шақырымы (21,6%) тас, 38 шақырымы (5,3%) топырақты құрайды.
Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жіті көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және
53 қалаішілік көше асфальтталып жөнделді.
Ал, 2022 жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Одан бөлек «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
Биыл 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 38 көше асфальтталып, 25 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 9 көше бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп жатыр.
Сонымен қатар «Исфиджап» тұрғын алабында ауыз су құрылысы жүргізілетіндіктен 1 көше 2024 жылға ауыстырылды. 2027 жылға дейін жаңа құрылыс аймағындағы инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған жағдайда аудан аумағындағы қанағаттанарлық жол үлесі 100%-ға жеткізу көрсеткіші жүзеге аспақ.

Сол сияқты, Қаратау ауданында да 15 көшеге жөндеу жұмыстары жасалды.

Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырымы шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелер құрайды.
2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көше асфальттау жоспарланған. Қазіргі уақытта 15 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілген.
Сонымен қатар биыл 41 көшеге (33 км.) шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады.

Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында Қаратау ауданында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.