​Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында бизнесті тексеру мәселелері талқыланды

0
655

023 жылдың 31 желтоқсанында елімізде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге арналған мораторий аяқталады.


​Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында бизнесті тексеру мәселелері талқыланды

ERNUR.KZ. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысына жиналғандар кәсіпкерлікті тексеру тақырыбын талқылады.

Кеңес төрағасы Мелес Сейтжановтың модераторлығымен өткен жиынға кәсіпкерлер, Шымкент қаласының прокуратурасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және басқа да бақылау-құзырлы органдардың жетекшілері, Палата басшылығы қатысты.


Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – 2023 жылдың 31 желтоқсанында елімізде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге арналған мораторий аяқталады.

«Осыдан үш бұрын Президент енгізген шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий бизнеске көмегін тигізіп, кәсіпкерлердің пандемия және басқа да әлеуметтік-экономикалық проблемалардан туындайтын шығыны азайды. ШОБ субъектілері өндірген тауар мен көрсеткен қызмет құны 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында 1 152 068 млн теңгені немесе 2022 жылдың тиісті мерзімімен салыстырған 133,2 пайызды құрады. Мұндай көрсеткіштер кәсіпкерлер мен жергілікті билік өкілдерінің арасындағы тиісті байланыстың нәтижесі деп ойлаймыз.
Еліміздегі бизнес жағдайды арғы қарай жақсарту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.
2024 жылы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін автоматтандыру жүзеге асырылады, соның нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексеру екі есеге азайып, құқық қорғау органдарының назары тек проблемалы субъектілерге аударылады. Мұндай автоматтандырылған әдіс тексеруді адамның қатысуынсыз бастауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексеру 2 есеге азаяды деп күтілуде.
Дегенмен, мораторий аяқталып келеді. Қалай болғанда да кәсіпкерлер кез келген уақытта тексерулер болатынын күтуі тиіс. Және маңыздысы – кәсіпкерлер барлық талаптар мен заңдылықтарға сай болып, өздеріне қатысты бизнес-процестердің заң талабына сай жүруін қамтамасыз етулері керек.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты мақсаты – бизнестің Үкімет және атқарушы билікпен келіссөзін арттыру, кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделін қорғау, бизнес жүргізудің заңды және басқа да нормативтік ережелерін қалыптастыруға кәсіпкерлерді жұмылдыру», – деді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары міндетін атқарушы Майя Исаева.