​ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы 2023 жылы 100% сапалы электр энергиясымен қамтылады

0
615

Қазіргі таңда 24 елді мекеннің 17-сі сапалы электр энергиясымен қамтылған.


​ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы 2023 жылы 100% сапалы электр энергиясымен қамтылады

Шымкент қаласы Қаратау ауданы 2023 жылы 100% сапалы электр энергиясымен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаратау ауданында тұратын халық саны 266,7 мыңнан асты. 24 елді мекеннің 17-сі сапалы электр энергиясымен қамтылған, қалған 7 мекенжайдағы мәселе 2023 жылдың соңына дейін толық шешіліп, сапалы электр энергиясымен қамту 100%-ға орындалады. Осы және бұдан да басқа шешімін тапқан өзекті мәселелердің бірпарасын аудан әкімі Рахымберді Мулкеманов шаһар басшысы М. Әйтеновтің аудан тұрғындарымен кезекті есепті кездесуінде айтты.

“Биылғы жылдың соңына дейін «Достық», «Қайнарбұлақ», «Асар-2», «Тассай», «Тұран», «Нұртас» елдімекендеріндегі құрылыс жұмыстары аяқталады. Ал 2023 жылға қарай “Бозарық”, “Қайнарбұлақ” және “Асар-2” (2-кезең) тұрғын алаптарында құрылыс басталады”, - деді Р.Мулкеманов.

Жалпы аудан аумағында орталық кәріз жүйесімен қамтылған елді мекендер саны – 5. Ауыз сумен қамтамасыз етілген елді мекендер саны – 20. Табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны- 18. Су алу қаупі бар орындарға және 378 көшеге ирригациялық арық орнатылған. Алдағы уақытта аудандағы мәселер толық шешімін табады.

Жиын барысында аудан әкімі Рахымберді Мулкеманов аудан көлеміндегі сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарына кеңінен тоқталды.

Былтырғы жылы сапалы ауыз сумен қамту бойынша “Көмешбұлақ”, “Асар”, “Шымсити”-ден “Достыққа” дейінгі әлеуметтік нысандар бойынша 3, кестемен “Нұртас” елді мекеніне 1, тасымалмен “Тұран”, “Асар-2” елді мекендеріне 2, жалпы саны 6 магистралды жобаның құрылысы аяқталып тапсырылған болатын.

Биыл “Нұртас су жинақтағыш” әлеуметтік нысаны бойынша 3 елді мекенде атап айтқанда,“ Қайнарбұлақ”, “Сайрам” және “Жаңақұрылыс” аумағындағы “Ақтас-2”-де құрылыс қарқынды жүргізілуде, жыл соңына дейін 1-еуі тапсырылса, 2 жоба жаңа жылға өтпелі.

2023 жылдың соңына дейін 5 нысанның құрылысы жүргізіледі.