ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында 39 көпқабатты үйдің қасбеті ретке келтіріліп жатыр

0
869

Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында 39 көпқабатты үйдің қасбеті ретке келтіріліп жатыр

Шымкентте Қаратау ауданында 40-қа жуық көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңаруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Қаратау ауданында биыл 39 көпқабатты үйдің қасбеті ретке келтірілуде. Бұл жұмыстарға сол үйлердің тұрғындарынан қаржы жұмсалмайды, бюджеттен де қаражат қаралмаған. Үйлердің қасбетін әрлеу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Асар шағын ауданында 2017 жылы пайдалануға берілген 30 көпқабатты үйде сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 12 бригада жұмыс істесе, әр бригадада 8 құрылысшыдан тұрады. Үйлерді қаптауға өте сапалы «сайдинг» материалы қолданылып жатыр.
«Асар аумағы бойынша жалпы саны 30 көпқабатты үйде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 18 үйдің құрылысы толық бітіп, 12 үйдің құрылысы 1 ай ішінде аяқталады. Көпқабатты үйлердің құрылысына 500 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалуда. Құрылысқа кеткен шығынның барлығын ЖШС «Ақ Ордасы» Корпорациясы» көтеріп жатыр», -дейді аудан әкімі.
Сонымен қатар, ол «Нұрсәт» шағын ауданындағы №18,19,20 көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары «Бесқұдық Тас» және «Арт Құрылыс» ЖШС тарапынан жүргізілсе, Ақжайық шағынауданы «Тұлпар» тұрғын үй кешенінде орналасқан 6 тұрғын үйдің қасбетін «Эристайл-Қазақстан» ЖШС –гі жүргізіп келеді.