ШЫМКЕНТ: Қоғамдық орындарға 30-ға жуық тегін WI-FI орнатылады

0
625

2021 жылы Ubiquiti Networks технологиясымен 30 тегін WI-FI нүктелері іске қосылған.


ШЫМКЕНТ: Қоғамдық орындарға 30-ға жуық тегін WI-FI орнатылады

Шымкент қаласында қоғамдық орындарға 25 тегін WI-FI орнатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов тікелей эфирде мәлімдеді.
Өткен жылы қаладан шалғай орналасқан 14 елді мекенге базалық станция орнатылып, 136 мыңға жуық тұрғын сапалы интернетпен қамтылған. Одан бөлек инвестор есебінен 10 елді мекенге талшықты оптика желісі жүргізілді.
Осы жылы 15 елді мекенге талшықты оптика желісін тарту жұмысы жоспарланып отыр. Ол үшін қазір қажетті құрал-жабдықтар жеткізілуде.
Шалғайда орналасқан мектептерге жоғары жылдамдықтағы интернет тарту мақсатында Асар-2 шағын ауданына радиусы 30 шақырымға жететін базалық станция орнатылуда. Бүгінде жер телімін анықтау жұмысы атқарылуда. Базалық станция іске қосылса, сол маңда орналасқан мектептердің интернет мәселесі толығымен шешіледі.
Басқарма басшысы қоғамдық орындарға тегін WI-FI желісін орнату жұмысына да тоқталды. 2021 жылы Ubiquiti Networks технологиясымен 30 тегін WI-FI нүктелері іске қосылған.
Биыл аудан әкімдіктерімен бірлесе 9 орын анықталып, жыл соңына дейін 25 WI-FI құрылғысы қойылады. Нәтижесінде қаладағы қоғамдық орындар 100% ақысыз интернетпен қамтылады.
Эфир барысында тұрғындардан 40-қа жуық сұрақ келіп түсті. Сауалдардың басым бөлігі шалғай елді мекендердегі интернет сапасы төңірегінде болды.