ШЫМКЕНТ: Коммуналдық сала қызметкерлері сый-құрметке бөленді ​

0
1 308


ШЫМКЕНТ: Коммуналдық сала қызметкерлері сый-құрметке бөленді ​

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан, Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы “Спутник” гүлзарына арнайы барып, коммуналдық сала қызметкерлерін халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады, деп жазады ERNUR.KZ.


Күнделікті жүргізілетін тазалық шараларының халықтың қолайлы тіршілігіне айрықша әсер ететіне тоқталып, еңбеккерлерге алғысын білдірді.



Сіздер күнделікті жұмыстарыңызбен қаламыздың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Демалыс, мереке күндеріне қарамастан, тазалықты қамтамасыз етіп, қаланың жасыл желекке орануында игілікті істер атқарып отырсыздар. Сіздерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз, – деді Ғ.Сыздықбеков.

Тұрғындар өз кезегінде қала әкіміне озық үлгіде бой көтерген жаңа демалыс аймағы үшін алғысын білдірді. Айта кетейік, былтыр Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесуде жергілікті азаматтар саябақ салу мәселесін көтерген болатын. Өтініштер ескеріліп, жаңа гүлзар пайдалануға берілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі