ШЫМКЕНТ: Коронавирус жұқтырған тағы 5 жағдай тіркелді

0
537

Науқастардың барлығы бір отбасының мүшелері.


ШЫМКЕНТ:  Коронавирус жұқтырған тағы 5 жағдай тіркелді

Шымкент қаласында 6 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 5 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалада 5 сәуір күні анықталған Желтоқсан көшесінің тұрғыны 24 жасар науқаспен байланыста болған 5 отбасы мүшесі (әкесі, анасы, ағасы, әйелі, баласы) оқшауланған болатын. Сол азаматтардан алынған сынама инфекцияға оң нәтиже көрсетті.
Қазіргі таңда олар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.