​ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІН ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
476

Қардан тазалау жұмыстарына 155 арнайы техника жұмылдырылуда.


​ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІН ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ERNUR.KZ. Ауа райына байланысты бүгінде Шымкент қаласы аумағында қардан тазалау шаралары күшейтілді.

Мегаполисте 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 5 мердігер компания көшелердің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын атқаруда. Жұмысшылар күндіз-түні тазалық шараларын кестеге сәйкес жүргізіп, көлік қозғалысына оңтайлы жағдай жасауда.

Жалпы, қардан тазалау жұмыстарына 155 арнайы техника жұмылдырылуда. Былтырғымен салыстырғанда қар күреуге арналған құрылғы саны 87 данаға артып отыр. Инертті материалдар қоры да жасақталған, құм – 31 594 текше метр, тұз 6 690 тоннаны құрайды.
Тазалық шараларына жұмылдырылған арнайы бригадалар көп шоғырланған аумақтарды, аялдамалар мен аяқ жолдарды қардан тазалап, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда. Бұл бағыттағы жұмыстар көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен саябақтарда да жалғасып жатыр.