Шымкент: Қызметкер пара алса басшысы отставкаға кетеді

0
2 366

Сыбайлас жемқорлық үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға жаза күшейтілді.


Шымкент: Қызметкер пара алса басшысы отставкаға кетеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев жаңадан сайланған мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданғанмаңызды заңнамалық шаралар қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


- Соңғы 2 жыл бұрын қабылдаған заң негізінде, қызметкерлер пара алса басшысы отставкаға кетеді. Жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі қабылданды. Мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыйлықтар алуына толық тыйым салынды - деді спикер.


Т.Серікбаев парақорлықпен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілгенін және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынғанын хабарлады.


Спикер пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында сыбайлас жемқорлық үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға жаза күшейтілген. мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары, судьялар үшін шетелдік банктерден шот ашуға және иеленуге тыйым салуға қатысты заңнамалық түзетулер қабылданғандығы жеткізілді.


Одан бөлек, "Transparency Kazakhstan" қоғамдық қоры жүргізген өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін зерттеу нәтижелері қаралды.

Жиынға қатысушылар еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың өзекті стратегиялық мақсаттары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қимылдағы заңнамаларды жетілдірудің негізгі бағыттарына қатысты пікірлерін ортаға салды.


Жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 Call-орталығына хабарласуға болады.