Шымкент: Мәдениет саласында ауқымды жобалар жүзеге асады

0
2 683

Сәкен Майғазиев мәдениет үйінің алдағы жоспарлары туралы айтты.


Шымкент: Мәдениет саласында ауқымды жобалар жүзеге асады

«Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушы Сәкен Майғазиев алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырып, БАҚ өкілдеріне брифинг берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Брифингке ҚР харық әртісі, композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, опера және эстрада әншісі Толқын Забирова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, хореограф, «Astana Ballet» ұжымының көркемдік жетекшісі Алила Алишева да қатысты.


Өнер жұлдыздары алдымен әріптестері Сәкен Майғазиевті жаңа қызметімен құтықтап, Шымкенттің мәдинеті жайлы сөз қозғады.

«Туған жерге туын тігіп, теңізге тамшыдай болса да өз үлесімді қоссам», деп келген Сәкен Қордабайұлы Шырайлы шаһарды туризм қаласына айналса дейді. Мегаполис мәдинеті алдағы 10 жыл ішінде Нұр-сұлтан мен Алматы қалаларының деңгейіне жететінін айтқан директор алдағы жоспарларымен де бөлісті.


- Болашақта мереке күндеріне орай 9 мәдени іс-шара өткіземіз. Сонымен қатар республика көлемінде бірнеше байқаулар, шетел өнерпаздарының концерттері мен республикамызға танымал «Өнер жұлдыздарының 100 концерті- Шымкентте» атты концерттік бағдарламалар ұйымдастырудамыз. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Сырлы саз-Нұрлы Отанға» керуен пойызы, «Әлем саз» І-халықаралық фестиваліне және «Сәлем Елорда» ІІ-республикалық өнер фестивалі аясында өтетін іс-шараларға қатысу ойда бар. Өнерпаздардың республика бойынша Ақтау, Атырау, Қызылорда, Астана, Алматы қалаларына гастрольдік іссапармен концерттер қою және 30 концертін беруді жоспарлап отырмыз, - деді Сәкен Қордабайұлы.


Сонымен қатар, ҚР харық әртісі Алтынбек Қоразбаев Оңтүстік өңірінен шыққан тұлғалар туралы сөз қозғап, композитор Шәмші Қалдаяқов туралы естеліктерімен бөлісті. Опера әншісі Толқын Забирова мәдинет өнерінің әншілерінің қарым-қабілеті туралы айтты. Өнерпаздарға арнайы шеберлік сабағын өткізген әнші бәрінің тәжірбиемен келетін ескерті. Хореограф Алила Алишева «Қазына» және «Шашу» би тобының өнерлеріне сүйсініп, олардың кәсіби деңгейде өнер көрсете алатыны туралы атап өтті.