ШЫМКЕНТ: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студент жастарымен кездесу өтті

0
1 241

Жастар өзара пікірлесіп, кейбір түйткілді мәселелердің күрмеуін қалай шешуге болатындығы жөнінде пікірлесті.


ШЫМКЕНТ: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студент жастарымен кездесу өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттеріне гендерлік саясат және қоғамдағы қыздардың рөлін арттыруға бағытталған «Қыз өссе - елдің көркі» атты іс-шара өтті.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы бірігіп ұйымдастырған жиында қыздар арасындағы ерте жүктілік, денсаулық, өмір қауіпсіздігі жайында маңызды ақпараттар берілді.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсыры аясында жиынға Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Айтбековна, Шымкент қалалық полиция департаментінен полиция аға лейтенанты Аселя Ермаханқызы, №11 қалалық емханасының гинеколог дәрігері Айжан Нурлановна, №3 қалалық емханасының психолог маманы Әлия Аңсағандыққызы қатысып, студенттерді мазалаған сұрақтарға жауап берді.
Қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ақпарат беріліп, оларды ересек өмірде дұрыс жолға бағыттау біздің мақсатымыз дейді мамандар. Қыздар арасында жат қылықтардың алдын алу, тәрбиелі, білімді болып, гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету бойынша, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты болып өсуге бағытталған іс шарадан қатысушылар құнды тағылымды ақпараттар алды.
Жиын соңында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын ұсынды.
Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жастар басқосқан кездесу болды. Оны ұйымдастыруға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і қызметкерлері, «AQNIET ақпараттық-насихаттық және оңалту орталығы» мұрындық болды.
Кездесуде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім сақтау, ұлт араздығы мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу, жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтарды сақтау, әскери борышты өтеу сынды мәселелер айтылды.
Қазіргі кезде аға ұрпақтың елге үлгі болар қай ісін болмасын білімді, белсенді жастар іліп әкетіп, оны өз деңгейінде атқарып, өз замандастарының көшін ілгері бастауда.

Кездесуде осындай жастарды үлгі ете отырып, жастар мәселесіндегі жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту сияқты жастарының қордаланған мәселелері туралы сөз болды. Соңында жастар өзара пікірлесіп, кейбір түйткілді мәселелердің күрмеуін қалай шешуге болатындығы жөнінде пікірлесті.