ШЫМКЕНТ: мектептердің медпункттері компьютерлермен жабдықталған

0
277

Сондай-ақ медициналық ақпараттық жүйелермен біріктірілген.


ШЫМКЕНТ: мектептердің медпункттері компьютерлермен жабдықталған

Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында «Мектеп медицинасындағы мейірбике ісі» мамандығы бойынша оқыған медбикелер көрсетеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мектептердің медициналық пункттері ДСӘДМ-нің 2021 жылғы 5 тамыздағы №76 бұйрығына сәйкес шұғыл көмек көрсету үшін төсемдермен, ДСӘДМ диагностикасы мен емдеу хаттамаларына сәйкес, дәрілік препараттармен жарақтандырылған. ММБ және дезинфекциялық ерітінділер жеткілікті мөлшерде бар. Барлық мектептердің медпункттері компьютерлермен жабдықталған және медициналық ақпараттық жүйелермен біріктірілген.

Медициналық пункттердегі оқушыларға медициналық көмекті кеңейтілген немесе жалпы практикадағы орта медицина қызметкерлері, учаскелік медбике, сондай-ақ «Мектеп медицинасындағы мейірбике ісі» мамандығы бойынша оқыған медбикелер көрсетеді.

Оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп медицина қызметкері келесі іс-шараларды өткізеді:

- профилактикалық медициналық тексерулерге арналған оқушылардың мақсатты топтарының тізімін жасайды;

- оқушылардың тиісті контингентін жоспарлы, маусымдық немесе эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялауды, егілгендерді бақылауды қамтамасыз етеді;

- салауатты өмір салты маманымен бірлесіп, МСАК ұйымдары салауатты өмірсалтын насихаттау және қалыптастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

- білім беру ұйымдарының психологтарымен және әлеуметтік педагогтарымен бірлесіп психикалық денсаулықты қорғау, темекі өнімдерін тұтынудан, психоактивті заттарды медициналық емес пайдаланудан, құмар ойындарға патологиялық тартудан туындаған суицидтік мінез-құлық пен тәуелділіктің алдын алу жөніндегі жұмысқа қатысады;

- білім беру объектілеріне бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, тәрбиеленушілер мен оқушылардың отыруын бақылауды қамтамасыз етеді.

- шұғыл ауруханаға дейінгі медициналық көмек көрсетеді, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жолдайды, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады.

Оқушылардың өміріне қауіп төнген кезде медициналық көмек ата-аналарының (заңдыөкілдерінің) келісімінсіз көрсетіледі, кейіннен оларға көрсетілген медициналық көмек туралы міндетті түрде хабарланады.

Атап өтілгендей, медициналық пунктте мектеп дәрігерінің үнемі болуы талап етілмейді, тек оқушыларды кәсіби тексеру кезінде және түсіндіру жұмыстары кезінде болады.

Бұл ретте оқушылардың ауруы бойынша жоспарлы диспансерлеуді, емдеуді және оңалтуды олар тіркелген МСАК ұйымының жалпы практика дәрігерлері, учаскелік педиатрлар, бейінді мамандары, фельдшерлері мен медбикелері жүзеге асырады.