ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары жүргізілді

0
438

Түсіндірме жұмыстары барысында мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары туралы ақпараттар берілді.


ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы аясында 12 шағын ауданында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары жөнінде ақпараттармен таныстыру.
Түсіндірме жұмыстары барысында аудан жастарына мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жөнінде ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар тарқатылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасын іске асыру арқылы жұмыссыздық деңгейі төмендейді. Бүгінде статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың қорытындысымен қаламызда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 448,5 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады. Тұрғындардың жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың табысын арттырудың бірден бір жолы ол «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасының іске асырылуы және жаңадан құрылған жұмыс орындарына азаматтардың жұмысқа жолдануы. Бұл бағыт бойынша 2022 жылы 57,2 мың азаматты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыруды жоспарланған болатын. Оның ішінде 33500 адам 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы бойынша, 23,7 мың адам қалада іске асырылып отырған ұлттық жобалар және жеке бастамамен құрылатын жұмыс орындары.