ШЫМКЕНТ: мереке қарсаңында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

0
440


ШЫМКЕНТ: мереке қарсаңында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мерекелік шарада Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек барша қазақстандықтар мен медицина қызметкерлерін ұлық мерекемен құттықтады.
“Республика күні құтты болсын баршамызға! 13 жылдан соң, 25-қазан Республика күні ретінде қайта бекітіліп, Президент Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы тиісті заңға қол қойды. Президент 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын еске салды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын.Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін! Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын! Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн! Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер, барлық бастамаларда сәттілік тілеймін”, - деді басқарма басшысы құттықтау сөзінде.
Салтанатты жиында денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі және елдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің наградаларымен медицина мамандары – «Еңбек ардагері» медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрметті грамотасымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, денсаулық сақтау басқармасы атынан алғыс хатпен марапатталды.