ШЫМКЕНТ: “Отбасы - ұлағат ұясы” тақырыбында семинар-тренинг өтті

0
526

Тренингте жастарға отбасы құндылықтары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


ШЫМКЕНТ: “Отбасы - ұлағат ұясы” тақырыбында семинар-тренинг өтті

Бүгін Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жастарының қатысуымен “Отбасы - ұлағат ұясы” тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты - жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, саналы көзқарас қалыптастырып, дұрыс бағыт-бағдар беру.
Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы ғимаратында өткен семинар-тренингте жастарға отбасы құндылықтары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жастарға психологиядағы ең тиімді ойын “Мандала” әдістемесі қолданылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында волонтерлер жазғы мектепте бас қосты. Қаланың жоғары және орта оқу орнынан келген 100-ге жуық ерікті екі күнге созылатын іс-шарада белгілі тренерлердің қатысуымен «Soft skills» тұлғалық қабілетті дамыту, мобилография шеберлігі мен «Еріктілердің қоғамдағы рөлі» тақырыбында семинар-тренингтер ұйымдастырды. Еріктілер өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобаларымен бөлісті.

Бұл іс-шара Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен биыл үшінші рет өтіп отыр. Волонтерлер осы мектепте алған білімдерін практикалық тұрғыда шыңдайды. Бүгінде қаламызда 15 мыңға жуық волонтер және 12 волонтерлік және қайырымдылық ұйымдары жұмыс істейді. Олардың дені жоғарғы оқу орындарының жастары.
Мемлекет басшысы "Волонтерлік нақты істермен көрінетін патриотизмнің жоғары деңгейін білдіреді. Отанға деген махаббат үлкен ұрандар мен бос декларациялар емес, бұл – күнделікті еңбек, соның ішінде халықтың игілігі үшін шынайы атқарылатын қайырымды істер" деп атап өтті. Қазіргі таңда ерікті жастардың атқарып жүрген игілікті істері өте көп. Кез келген жұмысын алып қарасақ, мемлекеттік қызметті атқарғанмен пара-пар. Сіздердің ел дамуы жолында атқарған қызметтеріңізге алғыс білдіремін, – деді Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы.