ШЫМКЕНТ: Өтеміс тұрғын алабында жаңа спорт алаңшасы ашылды

0
611

Ағымдағы жылы Қаратау ауданында 29 орынға ашық спорт алаңшасы салынды.


ШЫМКЕНТ: Өтеміс тұрғын алабында жаңа спорт алаңшасы ашылды

Шымкент қаласы «Өтеміс» тұрғын алабында жаңа спорт алаңшасы ашылып, жергілікті тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Спорт алаңшасының салтанатты ашылуына аудан басшысы А.Әліқұлов, қалалық мәслихат депутаты Ж.Таңатарова, аудан әкімі орынбасары Қ.Қалдықараев және тұрғын алаптың тұрғындары қатысты.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылы Қаратау ауданында 29 орынға ашық спорт алаңшасы салынды.
Оның ішнде 25 ашық спорт алаңшасы, 2 әмбебап спорт алаңшасы салынса, 2 ашық спорт алаңшасы «Шымкент-қайырымды қала» жобасы аясында демеушілер есебінен «Бозарық» шағынауданы мен «Қайнарбұлақ» тұрғын алабына ашық спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берілді.