ШЫМКЕНТ: Полицейлер 4 күнде 3000-ға жуық тәртіп бұзған жүргізушілерді ұстады

0
945

2019 жылдың 24-28 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен болатын


ШЫМКЕНТ: Полицейлер 4 күнде 3000-ға жуық тәртіп бұзған жүргізушілерді ұстады

Шымкенттік полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасының барысында 3000-ға жуық әкімшілік хаттамалар толтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен жол қозғаласының қатысушылары арасындағы көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғасын төмендету, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын-алу мақсатында 2019 жылдың 24-28 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның нәтижесінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған жалпы 2950 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 27 автокөлік техникалық байқаудан өтпеген, 269 жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзған, 119 азамат көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған, 228 азамат қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған, маневр ережесін бұзудың 34, қозғалыстың қарсы жолағына шығудың 5, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кетудің 29, жаяу жүргіншіге басымдық бермеудің 21, авариялық жағдай туындатудың 2, теміржол өтпелерінен өту қағидаларын бұзудың 7, көлік құралын мас күйде басқарған 6, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруының 24 жайты анықталып, хаттамалар толтырылды.