ШЫМКЕНТ: Полицейлер Шалхар Ақымғалиевті еске алды

0
1 319

2019 жылғы 1 сәуірде Шымкент қаласы Полиция департаментінің ғимаратында суға түскен қызды құтқарамын деп өз өмірін қиған полиция сержанты Шалхар Ақымғалиевтың құрметіне арналған еске алу жиыны өткізіді.


ШЫМКЕНТ: Полицейлер Шалхар Ақымғалиевті еске алды

Шымкенттік полицейлер ерлікпен қаза тапқан Шалхар Ақымғалиевті еске алып, тағзым жасады - деп хабарлайд ERNUR.KZ.

2019 жылғы 1 сәуірде Шымкент қаласы Полиция департаментінің ғимаратында суға түскен қызды құтқарамын деп өз өмірін қиған полиция сержанты Шалхар Ақымғалиевтың құрметіне арналған еске алу жиыны өткізіді.

"Шымкент қаласы Полиция департаменті Жол-патрульдік полиция полкінің жеке құрамы Атыраудағы Шалхар әріптесімізді естігенде өте ауыр қабылдадық. Себебі, Жол-патрульдік полиция полкінің жұмысында қатері мен жауапкершілігі бірдей жүретіндігін осы салада жүргендіктен біз жақсы білеміз. Ол өзінің өмірінен өзгенің өмірін артық көріп, өмірін қатерге тігіп жасаған ерлігі біз үшін үлгі өнеге болып қала береді.
Бүгін Шалхардың туған күні, өз отбасында жалғыз асыраушысы еді, біз жеке құр
ам арасында талқылап, оның отбасына қайырымдылық ретінде қаржылай көмек көрсетпек болып шешім қабылдадық. «Көп түкірсе – көл» демекші, қанша қаражат жиналғанмен Шалқарды қайтара алмаймыз, алайда отбасына аз болса да сүйеніш болады деген үміттеміз"- деп жазады Шымкент қаласы Полиция департаментінің "фэйсбуктағы" парақшасына.