ШЫМКЕНТ: Президентке хат жазған балалардың тілегі орындалды

0
1 209

Дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық аймағында «Тілектер шыршасы» орнатылады. Сол жерге балалар өз тілектерін жазып қалдырады.


ШЫМКЕНТ: Президентке хат жазған балалардың тілегі орындалды

Биыл аталған жоба аясында Мемлекет басшысының атына Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген хат келді, соның ішінде көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалардан 100-ден астам тілек жолданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Балалардың хаттарына жауап берген Президент оларды Жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ бұл ертегідей ерекше мереке екенін атап өтіп, бүлдіршіндерге өз атынан арнайы сыйлықтар жіберді.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Президентке жаңа жылдық хат жазған №45 мектеп-гимназиясының оқушысы Мадина Арзиеваны арнайы құттықтады. Мерекелік сыйға телефон сұраған жасөспірім қызға Мемлекет басшысының құттықтау сөзі жазылған ашық хаты мен сыйлықтары табысталды.
Қалада Президентке мерекелік хат жолдаған 5 балаға өз өтініштері бойынша сыйлықтар берілді. Жаңа жыл қарсаңында кішкентайларға 3 телефон, шана мен шағын робот сыйға тарту етілді. Арман-тілектері орындалған балалар ризашылығын білдіріп, ерекше қуанышқа бөленді.