ШЫМКЕНТ: Республика күніне орай бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

0
1 156

Қала тұрғындарына 500-ден астам жұмыс орны ұсынылды.


ШЫМКЕНТ: Республика күніне орай бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Шымкентте Республика күніне орай бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атаулы мерекеге орайластырылған «Мүмкіндіктер алаңы» жәрмеңкесінде қала тұрғындарына 500-ден астам жұмыс орны ұсынылды. «Еңбек мобильділігі» орталығына қарасты Тұран аудандық «Мансап» орталығында өткен іс-шараға қала аумағындағы 30-ға жуық жұмыс беруші мекеме қатыстырылды.

Жыл басынан бері мегаполисте 30-дан астам бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Нәтижесінде 2 мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларына тартылған.
Бүгінгі жәрмеңкеде 100-ге тарта тұрғынға жұмысқа жолдама берілді. Бос жұмыс орындарына жолдама алғандардың арасында пробация қызметі есебінде тұрған, мүгедектігі бар, сондай-ақ алимент төлейтін азаматтар бар.