ШЫМКЕНТ: Сенат депутаттары Халықтар Достығы университетінің жастарымен кездесті

0
721

Жиында сенаторлар Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызына тоқталды.


ШЫМКЕНТ: Сенат депутаттары Халықтар Достығы университетінің жастарымен кездесті

ҚР Парламент Сенатының депутаттары Ә.Бектаев пен Ә.Құртаев академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университетінің ұжымымен және студент жастармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара Конституциялық реформалар бойынша республикалық референдумның маңыздылығын түсіндіруді мақсат еткен.

Жиында сенаторлар Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызына тоқталып, оқытушылар, жастардың сауалдарына жауап берді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығында толайым табыстарға жеттік. Алдағы бүкілхалықтық референдумның мақсаты – жаңа қоғам, Жаңа Қазақстан құру. Конституцияға өзгеріс енгізу халықтың тұрмыс-тіршілігіне, халықтың әл-ауқатының артуына тікелей қатысты. Бұл орайда ел азаматтарының санасы жаңғыруы қажет. Жастар білімді, елжанды азамат болуы тиіс, – деді Ә.Бектаев.
Сондай-ақ, Ә.Құртаев әрбір азаматқа еліміздің болашағын айқындайтын тарихи оқиғаның мәні зор екенін, қоғамдық-саяси іс-шарада белсенділік танытуға шақырды.
Жиын соңында жастар көкейдегі толғандырған сауалдарын қойды. Сенат депутаттары оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттердің көрмесін аралады.