Шымкент ситуациялық 109 орталығында қызмет түрлері көбейеді

0
878

Биыл орталық көрсететін қызмет түрлерін 200-ге дейін арттыруды көздеп отыр.


Шымкент ситуациялық 109 орталығында қызмет түрлері көбейеді

Шымкент ситуациялық 109 орталығы қызмет түрлерін 200-ге дейін арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алғашқыда мекеме қала тұрғындарына 30 қызмет түрін көрсетті. 2021 жылы қызмет түрлерін 93-ке дейін арттырды. Биыл орталық көрсететін қызмет түрлерін 200-ге дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл мақсатта орталық қызметкерлері 24/7 жұмыс жасауда.

2021 жыл қорытындысы бойынша, ситуациялық 109 орталығына келіп түскен арыз-шағымдарды жауапты басқармалар мен аудан әкімдіктерінің орындау көрсеткіші 90% жоғары болды.
Басқармалар арасында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ең көп 11 289 арыз-шағым түсіп, оның 99,7% орындалған. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту - 99,57%, денсаулық сақтау басқармасы - 99,56%, құрылыс басқармасы - 99,25% болса, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына түскен 206 арыз-шағымның 187-і орындалып, 98,05%-ды құрады.
Аудан әкімдіктерінің ішінде шағымдардың орындалуы бойынша Абай ауданы мен Қаратау ауданы әкімдігі 99,99%-бен көш бастап тұр. Ал, Әл-Фараби және Еңбекші ауданы әкімдіктерінің көрсеткіші 99,4% болды.