Шымкент: Таскен ауылының тұрғындары зауыттың темір қоршауын бұзып тастады

0
1 140

Қаратау ауданына қарасты Таскен ауылының тұрғындары зауыт құрылысына наразы.


Шымкент: Таскен ауылының тұрғындары зауыттың темір қоршауын бұзып тастады

Шымкенттің Таскен ауылының тұрғындарына бірер жыл бұрын қала әкімі саябақ тұрғызамыз деп уәде еткен. Алайда демалыс орнына зауыт құрылысын бастап кеткендіктерін айтып, наразылықтарын білдіріп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Санитарлық аймақ саналатын ұлтаралық жерге құрылыс бастаған ауыл іргесіндегі зауыттардың әрекеті тұрғындардың ашуына тиген. Сол себепті де Қаратау ауданының тұрғындары шу шығарып, зауыт маңына жиналған. Ал наразылық танытқандар мұнда жүргізілген темір қоршауды өз қолдарымен құлатып, шетінен бұзып шыққан.

Таскен ауылында орын алған келеңсіз жағдайға байланысты Қаратау ауданының әкімі былай деп мәлімдеме жасады:

- "Ол жерді сатып алған зауыт, онда ештеңе соға алмайды. Үй де, цех та. Жалпы күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізе алмайды. Онда тек абаттандыру жұмыстарын ғана жүргізе алады. Сондықтан да алаңдауға еш негіз жоқ. Егер де жеке меншік иесі ауылшаруашылық жерге көп қабатты үй, цех тұрғызу туралы ойы немесе әрекеті байқалса, дереу оның жолын кесуге заңды түрде әрекет жасалады",- деді Абзал Әліқұлов.