ШЫМКЕНТ: "Текесу" каналынан өтетін көпір пайдалануға берілді

0
569

Қазіргі таңда "Текесу" каналынан өтетін апатты көпір қайта құрылып, тұрғындардың өтініші орындалды.


ШЫМКЕНТ:

Шымкент қаласындағы "Текесу" каналы көпірі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шілде айында Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында Жұлдыз тұрғын алабының тұрғындары "Текесу" каналынан өтетін көпірдің апатты жағдай екендігін айтып, алаңдаушылық білдірген болатын. Осы орайда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасовпен бірге аталған көпірдің жағдайын зерделеп, қайта құруға шешім қабылдап, құрылыс жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда "Текесу" каналынан өтетін апатты көпір қайта құрылып, тұрғындардың өтініші орындалды. Бүгін аталған көпірді тұрғындардың игілігіне тапсырылып, пайдалануға берілді.
Айта кетейік тұрғындардың өтініші басты назарда, барлық жұмыстар халықпен келісіліп атқарылатын болады.