Шымкент-цирк оркестрі бүкіләлемдік музыкалық қауымдастықтың “Алтын Кұрмет” кітабына енді

0
652

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкент-цирк оркестрі бүкіләлемдік музыкалық қауымдастықтың “Алтын Кұрмет” кітабына енді

Шымкент-цирк оркестрі Ресейде өткен халықаралық деңгейдегі үрмелі және соқпалы аспаптар оркестрлерінің конкурсында 1-дәрежелі жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қашықтықтан ұйымдастырылған байқауға оркестр солисі Д.Хашимханованың орындауындағы халық әні «Қамажайға» жазылған парафраз композициясы мен американдық композитор У.Херстың «Мен осылай істедім» (Deed I do) әні ұсынылған болатын.

Джаз, брасс-квинтеттер, диксиленд топтарының, эстрадалық-симфониялық оркестрлердің өнерлерін сарапқа салған музыка корифейлерін шымкенттік шығармашыл топ әмбебаптығымен, стандартты оркестрге домбыра, қобыз үнін ұтымды пайдалануымен, керемет гармониялық үйлесіммен, ырғақ алуандығымен, вокал біліктілігімен тәнті етті.

Осылайша жергілікті өнер тобы бүкіләлемдік музыкалық Қауымдастықтың “Алтын Кұрмет” кітабына енді.

Aйта кетейік, Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылған «Оңтүстік – Цирк» 10 жылдың ішінде айтарлықтай жетістікке жетті. «Мачта» номері «Шабыт» фестивалінде 1 орынды, «Үйретілген күшіктер» номері ІІІ орынды жеңіп алды. «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестивалінде «Семафор» және «Әуе гимнастары» номері І орынды «Канат» және «Серіппелі тақтайша» нөмерлері ІІ орын иеленді. Қытай Халық Республикасы Хэнань провинциясының Лоян қаласында өткен ІІІ акробатикалық фестивалінде О.Касаткиннің жетекшілігіндегі әуе акробаттары І орынды иеленді. Шымкент цирк әлемдік цирк ұжымымен бірлесе жұмыс істейді. Өткен 10 жылдың ішінде Мәскеудің Никулин циркі, «Варшава циркі», ресейлік «Цирк на льду», «Цирк на воде», «Миллениум», «Қаладағы қасқырлар» және «Вьетнам циркі», «Принц Египта», «Запашный циркі», «Пілдер шоуы» циркі үшінші мегаполис жұртшыдығына қуантып, Шымкент цирк манежінде өнер көрсетті. Сонымен қатар Шымкент цирк әртістері де шет мемлекеттерге, атап айтқанда, Египет, Турция, Қытай, Ресей Федерациясы және Қырғызстан Республикасында гастрольдік іссапармен болып, тәжірибе алмасып қайтты. Қазіргі таңда І.Рахманкулов, А.Тағайбек және Е.Игенбеков Дубай қаласында өтіп жатқан «Экспоға» әртіс ретінде қатысып, өнер көрсетіп жүр. Әр жыл сайын жаңа бағдарламаларымен көрермендерін қуантып келген Шымкент Цирк осы уақытқа дейін «Алақай, балақай!», «Ертегілер елінде» «Джунгли», «Иллюзион шоу», «Маскарад», «Ертегі ішіндегі ертегі» «Цирк шақырады», «13 ғажайып», «Наурыз-думан», «13 - Аймақ» «Таңғажайып керуен» және т.б қойылымдарын қойды. 2021 жылы Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында, Шымкент цирктің 10 жылдығына орай, жаңа форматта «Shymkent circus NEW», «Family Circus», «On цирк», «Jas цирк» бағдарламалары түзілді.