ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй кезегіндегі азаматтар несиелік баспанаға өтінім жолдай алады

0
980

Шымкент қаласында “Бақытты отбасы” бағыты аясында 283 отбасы баспаналы болды.


ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй кезегіндегі азаматтар несиелік баспанаға өтінім жолдай алады

Шымкент қаласы “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында 06 желтоқсан мен 05 қаңтар аралығында otbasybank.kz интернет порталында “5-20-19” бағыты арқылы тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін конкурс жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұрғын үй кезегінде тұрған Отбасы банк салымшыларына алғашқы жарна пәтер құнының 20%-ы, несие жылдық 5%-бен беріледі. Азаматтардың депозиттік шотында пәтер бағасының 20%-ы болуы міндетті.
Бағдарлама аясында берілетін несиелік пәтерлер Шымкент қаласы, Тұран-2 ықшам ауданында орналасқан. 1 шаршы метрінің бағасы - 180.000 мың теңгелік несиелік пәтерлердің жалпы саны - 432-і құрайды.
Жыл басынан бері, Шымкент қаласында “Бақытты отбасы” бағыты аясында 283 отбасы баспаналы болды. Оның ішінде тұрғын үй кезегінде көпбалалы отбасы санатында тіркелгендер саны- 122, толық емес отбасы- 19, мүгедек бала асыраушы отбасы- 142. Ал “Шаңырақ” бағыты бойынша биыл тұрғын үй кезегінде тұрған 1728 азаматты қамту жоспарланып, қазіргі таңда 776 азамат сатып-алу сату келісім шартын жасасты.