Шымкент тұрғыны автосалонда тұрған көлікті айдап кеткен

0
484

Шығын сомасы 28 млн теңгені құрайды.


Шымкент тұрғыны автосалонда тұрған көлікті айдап кеткен

Шымкент тұрғыны автосалоннан 28 млн теңге тұратын көлікті заңсыз айдап кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Наурыз айының соңында жергілікті автосалонның әкімшілігі тексеру кезінде автокөліктердің бірінің жоғалғанын анықтаған. Шығын сомасы 28 млн теңгені құрайды.

“Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, көлік құралын заңсыз иеленген азамат ұсталды. Автокөлік салонға қайтарылды”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда іс айыптау актісімен сотқа жолданды.